Калыкова Алмагуль Оралбековна
Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы
Бұл пән осы мамандықта міндетті компонент және 1 курстың 1 семестрінде өтіледі Жалпы еңбексиымдылығы 3 кредит. Психология адам тану ғылымдары арасында жетекші орынға ие. Бұл ерекшелік қазіргі кезде қарқынды дамып отырған ғылыми пəннің алдына қойған мақсат- мүддесімен байланысты.
Пəнді оқытудың мақсаты студенттерді психология ғылымының негізгі принциптері жəне категорияларымен таныстыру. Мұнда жеке адамның дамуында таным əрекеттері, жеке басына тəн қасиеттері, қабілеті, еріктік – эмоциональдық сферасы жəне қарым – қатынас, іс - əрекет аспектілерімен жеке тұлғалық ерекшеліктерімен таныстыру.
Міндеті: Пәнді оқытуда психологиялық заңдылықтар мен таныса отырып, адам өз психологиясының дамуы барысында ақыл – ойы , танымы, өзіндік сана – сезімі, жеке басына тəн қасиеттері туралы түсініктерді қалыптастыру. Күнделікті өмірде адам өзін - өзі басқару мен жеке басына тəн қасиеттерін дүниетанымын, ақыл – ой сана – сезімін дамытып отыруға үйрету.
1.Сабаққа қатысу. Студент сабаққа қатысуға міндетті. Əрбір қатыспаған сабақ оқу-əдістемелік кешенде көрсетілгендей көлемде тапсырылады. Курстың үштен бір бөлігіндей көлемінде себепсіз сабақ қалдырған студент курстан шығарылады.
2. Дəрісханадағы тəртіп Студент сабаққа кешікпей келуі, сабаққа белсенді қатысуы тиіс. Сабақты қабылдауға бөгет болатын нəрселерді ұстамауы (телефон, газет, журнал, фотосуреттер) керек.
3. Жеке тапсырмалар Семестрде жеке тапсырмаларды орындау міндетті болып есептеледі. Ол реферат түрінде орындалып немесе электрондық нұсқада құрылып, студенттер алдында қорғалады. Əрбір жеке тапсырма бағаланады жəне ол қорытынды бағалауға əсер етеді.
4. Өзіндік жұмыс СОБӨЖ сабақ кестесінде бөлінген уақытта орындалады жəне сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан кейін қабылданбайды, бағаланбайды. Қосымша материалдарды іздеу, берілген тақырыптың мазмұнын тереңдету, практикалық мəнділігін анықтау, т.с.с. тапсырмалар студентке жүктеледі. СӨЖ тапсырмаларды орындау мен тапсыру графигіне сəйкес қабылданады.
Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы