Перейти к основному содержимому
Казахский язык
«Қазақ тілі» курсы білім алушылардың қазақ тілінде дұрыс сөйлеу, сауатты жазу және ойын еркін жеткізу дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс барысында тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдылары қалыптасады. Студенттер күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста қазақ тілін тиімді қолдануды үйренеді. Пәннің негізгі мақсаты – білім алушылардың мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін жетілдіру, мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысында тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдылары кешенді түрде дамытылады.
IITU Moocs Главная страница
Қазақ тілі

Бұл курс қазақ тілін В1 деңгейінде меңгеретін 1 курс студенттеріне арналған. Курс студенттердің қазақ тілінде күнделікті, оқу және әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағытталған. Курста танысу, отбасы құндылықтары, өзара түсіністік, мамандық таңдау, жұмыс тиімділігі, мақсат қою, студент бюджеті, бос уақыт, саяхат, туризм, жаңалықтар және жастар мәдениеті сияқты тақырыптар қамтылады. Әр сабақта оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым тапсырмалары, жаңа сөздер, тұрақты тіркестер және грамматикалық материалдар беріледі.

Команда құрамы
Заурбекова Гүлхадиша Огизбаевна
Заурбекова Гульхадиша Огизбаевна — қазақ тілі саласы бойынша білікті маман. 2009 жылы 10.02.02 – Қазақ тілі мамандығы бойынша «Қазақ тіліндегі компьютерлік технология терминдерінің фонетикалық-лексикалық игерілуі» тақырыбында диссертация қорғаған. Білімі: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Преподаватель ретінде қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі пәндерінен сабақ береді. Ғылыми қызығушылықтары: салыстырмалы тіл білімі, терминология, көркем аударма, аударманың психолингвистикалық ерекшеліктері және қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Внести в список