Асилова Айжан Сарсеновна
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Қаржы» кафедрасының доцент міндетін атқарушы. қызметін атқарады. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің мамандығы бойынша 2009 жылы «Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтері және олардың даму болашағы» тақырыбында 08.00.10 «Қаржы, ақша айналысы және несие» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 25.01.2010 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Жалпы еңбек өтілі – 26 жыл, ғылыми-педагогикалық өтілі 15 жыл. Әрдайым өз біліктілігін жоғарылату үшін ғылыми-әдістемелік семинарлар мен конференцияларға қатысады, соның ішінде шетелдерде (Кипрде «Банктік бизнес» мамандығы бойынша курс) өткен. Банк ісі, инвестиция, бағалы қағаздар нарығы, IPO, бойынша білікті маман болып табылады. Бірнеше пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрастырды, оқулық, оқу құралы, монографиялардың авторы және жалпы саны 70-тен аса жарияланған еңбектері бар . e-mail: aizhan. assilova@kaznu.kz aijan1910@gmail.com