Бекішев Құрманғали Батырбекұлы
Бекішев Құрманғали, педагогика ғылымдарының докторы, химия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының профессоры. 1949 жылы 1 октябрьде Алматы облысында туылған. 1972 жылы А.А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің (қазір СПбМУ) химия факультетін, ал 1976 жылы оның аспирантурасын физикалық химия кафедрасы бойынша бітірген. Сол уақыттан бері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде еңбек етіп келеді. Германия, Чехия, Словакия және Ресей Федерациясы жоғарғы оқу орындарында ғылыми тәжірибе шыңдау іссапарларында болып қайтқан. Бекішев Қ. орта мектепке арналған химия оқулығының авторларының бірі. Ол 250 астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің, 50-ден астам оқу құралдарының авторы. Ол 1997 жылдан бері химия пәні бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысатын еліміздің құрама командасының ғылыми жетекшісі қызметін атқарып келеді. «Химик анықтамалығы», «Дарын» және «Химия мектепте» сияқты республикалық ғылыми-әдістемелік журналдардың ақылдастар алқасының мүшесі. Білім саласына қосқан үлесі үшін ол «Білім ісінің үздігі», Ы.Алтынсарин және «Білім ісінің құрметті қызметкері» медальдарымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздарымен және екі рет (2008 және 2014 жылдары) ҚР «ЖОО үздік оқытушысы» грантымен марапатталған.