Мейрманова Гулжан Асанқызы
Мейрманова Гүлжан Асанқызы 1979 жылы 28 шілдеде Алматы обл, Балхаш ауданы, Қарағаш ауылында дүниеге келген. 2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарихшы мамандығын бітірген. 2002 жылы аталған университеттен тарих-магистрі дәрежесін алған. 2002-2004 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы ретінде жұмыс жасады. 2004-2008 жылдары Ресей Ғылым Академиясының Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтында күндізгі аспирантурасында білім алып, 2009 жылы 07.00.07 мамандығы кеңесінде «Культура общения у казахов: трансформация традицинного этикета» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Этнологиялық экспедицияларға барынша қатысып Монғолия, Қытай қазақтарын салт-дәстүрінің сақталу деңгейін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізген. 2008-2012 жылдары Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Археология және этномәдени зерттеулер» орталығында аға ғылыми қызметкер міндетін атқарды. 2013 - 2015 жж. аралығында Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті міндетін атқырған. Халықаралық, республикалық, облыстық конференцияларға қатысып отырады. 2014 жылы Г. Мейрманованың басшылығымен Көкшетау қаласындағы 5В011400-Тарих мамандығы бойынша пәндік олимпиадада студенттері бас жүлдені иеленген. 2012-2014 жж ҚР БжҒ Министрлігі, Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыру бойынша «Сырдарияның төменгі ағысы қалаларының ортағасырлар кезіндегі этномәдени байланыстардағы рөлі (Жанкент қала жұрты)», «Оңтүстік-Шығыс Арал маңын мекендеген ежелгі тайпалардың дүниетанымы мен идеологиясы және наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптары» атты екі ғылыми жобаларының жетекшісі болды. Сыр өңірінің этноархеология саласына маңызды үлес қосқан. 2015 жылы 1 қыркүйектен бастап аталған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Археология, этнология және музеология» кафедрасының доцент міндетін атқарушы ретінде жұмыс атқырып келеді.