Перейти к основному содержимому
Қазақстанды отарлау саясатында жүргізілген ережелер
Курста Қазақстан тарихы бойынша кездесетін күрделі тақырыптардың бірі – «Қазақстанды отарлау саясатында жүргізілген ережелер» қарастырылған.
Запись на курс закрыта
IITU Moocs Главная страница

Курс жайлы қысқаша ақпарат

Курста Қазақстан тарихы бойынша кездесетін күрделі тақырыптардың бірі – «Қазақстанды отарлау саясатында жүргізілген ережелер» қарастырылған. Қазақстанда патшалы Ресей жүргізген отарлау саясаты, барысы, оның салдары жайлы тірек-сызбалар мен кестелер негізінде, көрнекіліктер арқылы айқын түсіндіріледі. Курс шетелдік тыңдаушылар, мектеп оқушылары мен төменгі курс студенттеріне арналған.

Тыңдаушыларға талаптар

10 сыныпқа дейінгі мектепте оқытылатын Қазақстан тарихы .

Курстың авторлары

Course Staff Image #1

Ибрагимова Меруерт Нуржигитовна

Оңтүстік Қазақстан облысында туылған, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқып 1999-2003 жылдар аралығында бакалаврді, 2003-2005 жылдары магистратураны бітірді. ҚазҰУ-да 2006 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы. Баспада 30-дан астам ғылыми және әдістемелік мақалалары жарық көрген. Шетелдік тыңдаушыларға тірек-сызба, кестелер негізінде Қазақстан тарихын оқытудың әр түрлі әдістерін зерттеу үстінде.

Жиі қойылатын сұрақтар

Курспен қалай жұмыс жасау қажет?

Курс жайлы негізгі ақпар видиосюжеттердегі слайдтарға негізделген. Онда тірек-сызбалар мен карталар негізінде тақырып түсіндіріледі.

Видиосюжеттер бірнеше бөлімдерге бөлінген. Әрбір сюжетті зейін қойып қараңыз. Әр бөлімді меңгеріп болған соң өзіңізді тексеріңіз.