
Оразгүл Хасенқызы Мұхатова
Автор - тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры Оразгүл Хасенқызы Мұхатова. Тарихнамашы және деректанушы ғалым. Қазақстан тарихының тарихнамасы, Шетелдер тарихының тарихнамасы, Тарихнаманың және деректанудың теориялық-методологиялық мәселелері базалық пәндерін, Тарихнамалық зерттеу модельдері элективті пәнін оқиды. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 33 жыл.