Дәуітбаева Күләш Әділбайқызы
1961 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қазыл-Орда мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану факультетін бітіріп, «биология, химия, ауылшаруашылық негіздері» мамандығының дипломын алды. Оқуды өте жақсы аяқтағанына байланысты К.Ә. Дәутбаева зоология кафедрасының оқытушысы болып қалдырылған, осы институт қабырғасында 11 жыл бойы (1961-1972) қызмет істеді: оқытушы, аға оқытушы, зоология кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушысы. 1972-2015 ж. – 43 жыл бойы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы қызметін атқарып жүр. 1972-1975 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультеті зоология кафедрасының аспиранты болды. 1975 жылы «Сырдария сағасы бойындағы қансорғыш қосқанаттылар» тақырыбына диссертацияны қорғап шықты. Аспирантураны бітірген соң, 1975-1977 жылдары К.Ә.Дәуітбаева университеттің проблемалық ғылыми-зеррттеу зартханасында кіші ғылыми қызметкер жұмысын атқарды. 1977-2015 жылдары зоология және гистология кафедрасында аға оқытушы, доцент, ал 2001 жылдың маусым айынан әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің профессоры атағын алып қызмет атқаруда.