Балакаева Гульнар Тултаевна
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.
М.И.Калинин атындағы политехникалық физика-механика факультетін (қазіргі Санкт-Петербург мемлекеттік техникалық университетін) бітірген.
1977 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де біліктілікті арттыру институтының оқу және ғылыми жұмыстары бойынша директор орынбасары, информатика кафедраның меңгерушісі, доцент, департамент директоры, оқу ісі жөніндегі проректоры және ғылыми қызметкер болып жұмыс жасаған, қазіргі уақытта информатика кафедрасында оқытушы-профессор болып қызмет атқаруда.
ҚазҰУ-де кандидаттық (1985 ж.) және докторлық (1999ж.) диссертацияларын қорғаған.
Ақпараттық технологиялардың дамуына қосқан белсенді жұмыстары –Өңірлік/Жергілікті "Cisco" Академиясын, "Қазақстан – Үнді ақпараттық технологиялар орталығын, Microsoft Академиясын басқарып және Қазақстан-Британ техникалық университеті ақпараттық технологиялар факультетінде декан қызметін атқарды.
Tempus бойынша 4 республикалық және халықаралық ғылыми жобалардың басшысы. Халықаралық бағдарлама бойынша 3 ғылым кандидатын және 3 PhD докторанттарын дайындап шықты, қазіргі уақытта докторанттар (PhD) мен магистранттарға жетекшілік жасауда.
ҚР БҒМ "ЖОО-ның Үздік оқытушысы-2006" грант иегері атанды. Балақаева Г.Т. халықаралық журналдарда редакция алқасы және докторлық диссертация кеңесінің мүшесі.
Қазіргі таңда 80-ге жуық ғылыми жұмыстары мен 6 оқу пособиялары жарияланған.
Ғылыми-педагогикалық жұмысының стажы 40 жыл.
e-mail: gulnardtsa@gmail.com