Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы
Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА және оннан аса халықаралық академияның академигі, 400-ден аса ғылыми жарияланымдардың, оның ішінде АҚШ, Чехия, Швеция, Германия, Швейцария елдерінде басылып шыққан әлеуметтік-экономикалық, техникалық процесстерді және жүйелік басқару бойынша 20 монографияның, оқулықтың, оқу құралының, 40-тан аса патенттің және өнертабысының авторы. 2014 жылы әлемдік деңгейде танымал «Шпрингер» баспасы автордың еңбегін ескеріп, «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» деген кітабын басып шығарды. Әлемдік өнер және ғылым академиясының (The World Academy of Art and Science) мүшесі; Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясының академигі және вице-президенті; ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының вице-президенті; Қазақстан ұлттық ғылым академиясы жоғары мектебінің президенті; «Техникалық жоғары оқу орнының еуропалық ұстазы» атағының иегері; Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының үздік ғалымдарға арналған грантының иегері; IGIP инженерлерді дайындау халықаралық қоғамының Орталық Азия бөлімінің президенті (Швейцария), Университет президенттерінің халықаралық ассоциациясының (International Association of University Presidents) мүшесі, Халықаралық экономикалық қауымдастығының (Econometric Society) мүшесі, Королдік Экономикалық қауымдастығының (Royal Economic Society) және басқа да ұйымдардың мүшесі.