Перейти к основному содержимому
Математикалық талдау 2
15 недель
Запись на курс закрыта
IITU Moocs Главная страница

Курс туралы

Табиғаттың объективтік заңдарының ғылыми негізін тануын қалыптастыруда, құбылыстардың физикалық сипаттамаларын беруде математиканы құрал ретінде пайдалана білу өте қажет. Кез келген физикалық процестің, құбылыстың сандық , сапалық сипаттамаларын зерттеуде және макро- микро экономикалық заңдылықтары мен процесстерін оқып үйренуде жоғары математика ілімінің негізі болып табылатын математикалық талдау пәнінін білу өте маңызды. «Математикалық талдау 2» курсы бір айнымалы функция талдауы пәнінің жалғасы болып табылады.

Мұнда сол шектер теориясын пайдаланып тізбекті зерттеуді басқа тұрғыдан - шексіз қосындылар арқылы - тереңдете жүргіземіз. Кезкелген туындысы бар функцияны шексіз қосылғыштардың қосындысы ретінде қарастырамыз. Бір айнымалы функция үшін алынған дифференциялдық және интегралдық есептеулерді көп айнымалы функциялар үшін де негіздеуге тырысамыз. Анықталған интеграл ұғымын интеграл астындағы функция нүктеде тежеусіз немесе интегралдау кесіндісінің ұзындығы шексіз болған жағдайларға өрбітеміз. Екі және үш айнымалы функциялар үшін қисық доғасы бойынша, жазық фигура бойынша, қисық бет бойынша, дене бойынша анықталған есептелінетін интегралдар ұғымен енгізіп олардың геометриялық және физикалық пайдаланулары мен өзара байланыстарын анықтайтын боламыз.

Курстың мақсаты

Студенттерді

  • математикалық талдау теориясымен таныстыруды тереңдете жалғастыру;
  • көп айнымалы функцияның дифференциалды және интегралды есептеулерімен таныстыру;
  • теоремалар мен тұжырымдамалар араларындағы байланыстарды түсіне білуге үйрету;
  • теориялық тұжырымдарды іс-тәжірибелерде пайдалана білуге машықтандыру;
  • есептер шығарудың әдіс-тәсілдерімен студенттерді таныстыру;
  • қолданбалы есептерді шығаруда математикалық талдаудың әдістерін пайдалануға икемдеу;

Курстың авторы

Course Staff Image #1

Биядилов Нури Бопауұлы

1971 жылы Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) механика-математика факультетін бітірген.
Университет бітіргеннен бастап бүгінгі күнге дейін, осы университеттің механика- математика факультетінде , ұстаз болып еңбек етеді. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы "Асимптотика решений сингулярно возмущенных дифференциальных уравнений второго порядка, имеющих внутренний начальный скачок".
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру деңгейлерінде сандық тәсілдер, сызықты бағдарламалау , бейсызықты бағдарламалау, динамикалық бағдарламалау , сызықты алгебра, аналитикалық геометрия , математикалық талдау, жүйені талдау, дифференциалдық және интегралдық теңдеулер пәндері бойынша дәрістер оқып, зертханалық, іс-тәжірибелік сабақтар өткізіп дипломдық, магистрлік, кандидаттық жұмыстарға ғылыми жетекшілік жасады.
40-дан астам ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектері және 5 оқу құралы бар. Ғылыми-педагогикалық жұмысының тәжірибесі - 48 жыл.
e-mail: nbiyadil@mail.ru