Қойлышов Үмбетқұл Құрманқұлұлы
Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
1979 жылы Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) математика факультетін бітірген.
1989 жылы "Первая граничная задача для уравнения теплопроводности с разрывным коэффициентом в области с подвижными границами вырождающейся в начальный момент времени" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1980-1992 жылдары Математика және механика институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді, және ҚазМУ-де қосымша дәріс оқыды.
1992-2003 жылдары Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің жоғары математика кафедрасында доцент болып істеді. Экономистерге арналған жоғары математика толық курсын орыс және қазақ тілінде оқыды.
2003 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математика факультеті математикалық талдау кафедрасының доценті, ал 2009 жылдан бері дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасының доценті болып жұмыс істейді.
Осы жылдар ішінде экономика, математика, механика, информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер және физика мамандықтарының студенттеріне «Математикалық талдау 1,2», «Комплекс айнымалы функциялар теориясы», «Дифференциалдық теңдеулер» және «Математикалық физика теңдеулері» пәндерінен оқыған дәрістері өте жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде болды.
40-дан астам ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектері және 3 оқу құралы бар. Ғылыми-педагогикалық жұмысының стажы 38 жыл.
e-mail: umbetkul.koylyshov@gmail.com